Балабақша бұл ерекше әлем, мұнда балалар балалық шақтың кереметтерін сезінеді. Балабақша педагогтары мен тәрбиешілер өз тәрбиеленушілерінің өмірін қызықты және мазмұнды етуге тырысады. Ұжымымыздың басты назарында қайталанбас даралығы- бала. Балалардың барлық мүмкіндіктерін ашу, денсаулығын нығайтуға, қоршаған әлемді тануға, ғажайып әлемі мен танысуға, ойынның бақытты сәттеріне жағдай жасау бұл біздің балабақша ұжымы үшін маңызды міндеттер. Біз тиімді тәрбие үрдісін ұйымдастыру үшін жағдай жасауға тырысамыз.
Біздің сайт ең алдымен өз баласының үйлесімді және жан жақты дамуына мүдделі тәжірибесімен бөлісуге және мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеу мен оқытудың қиындықтары туралы айтуға дайын. Білікті мамандармен ынтымақтасқысы келетіндерге арналған.







Сұрақ қою